Сәрсенбі, 30 қарашада Қостанайдағы қатты аязға байланысты бірінші ауысымдағы 0-сыныптан 9-сыныпқа дейін оқитын оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді, - деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.
"Ауа температурасы -27 градус, жел секундына 3 метр. Қостанай қаласындағы мектептердің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріліп жатыр", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында аязға байланысты оқушылар тағы да қашықтан білім алады.
Абай облысы аумағында ауа температурасы -31 градус аязды көрсетіп тұр.
Осыған байланысты 30 қарашада бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және колледждердің 1,2 курс студенттері үшін сабақ онлайн форматқа ауыстырылды.
Шығыс Қазақстан облысының Алтай, Тарбағатай, Глубокое, Самар, Қатонқарағай, Күршім аудандарында 0-11 сынып, Өскемен мен Риддерде 0-9 сынып, Жаңа Бұқтырма елдімекенінде 0-4 сынып оқушылары үйден білім алады.