$ 494.87  520.65  4.91

«Зәулім үйі, қымбат көліктері бар»: Шымкентте 610 отбасыға жәрдемақы заңсыз төленген

Қағаз жүзінде әлеуметтік көмекке мұқтаждар санатына жатқызылғанымен, іс жүзінде зәулім үйлерде тұрып, қымбат көліктер мініп жүрген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз жолмен алған отбасылар анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалада 610 отбасы аз қамтылғандығы жөніндегі анықтаманы қолдан жасаған.Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының хабарлауынша, олар табыстарын жасырған. Қағаз жүзінде әлеуметтік көмекке мұқтаждар санатына жатқызылғанымен, іс жүзінде зәулім үйлерде тұрып, қымбат көліктер мініп жүрген.

“Хабар 24” арнасының дерегінше, заңсыз төленген АӘК көлемі 30 млн теңгеден асады. Енді азаматтар оларды қайтаруы тиіс. Көптеген отбасылар бұл істі сотқа жеткізбестен, өз еркімен қайтаруға шешім қабылдаған. Алайда кейбіріне полицейлер "Алаяқтық" бабы бойынша тергеу жүргізуге мәжбүр.

“391 отбасы өз еркімен бюджетке 17 миллион 502 мың теңге қайтарды. Сотта тағы 219 отбасының ісі қаралды, екі жүз факт бойынша шешім шықты. Бірақ олардың қарызы әртүрлі. Біреу жәрдемақыны екі тоқсан алды. Біреуі бір рет. Әркімдікі әрқалай. Қазір аудит жүргізілуде”, – деді Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары