$ 449.58  486.94  4.86

Байзақтағы жарылыс кезінде жоғалған сарбаздың сүйегі табылды

Қазір ақпаратты оңтүстік әскери қолбасшылығы Тараз гарнизоны растады.

Естеріңізде болса, 2021 жылы тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймасында жарылыс болған еді. Салдарынан 17 адам қаза тауып, 1 адам ізім-ғайым жоғалған болатын. Кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевті іздестіру жұмыстары 1 жылдан астам уақытқа созылды. Марқұм әскери бөлімге жақын маңайдағы Базарбай ауылының тумасы. Қазір ақпаратты оңтүстік әскери қолбасшылығы Тараз гарнизоны растады, деп хабарлайды inbusiness.kz .

Жарылыс болған аймақта шашылған сүйек пен киім қалдықтары табылған. Енді сүйекке жасалған сараптама нәтижесі жоғалған азаматқа толық сәйкес келіп отыр. Марқұмның ет-жақындары күні бүгінге дейін күдік пен үміт ортасында күн кешіп келген еді. Іздестіру кезінде түрлі нұсқалар айтылып, "тірі жүр" -  деген де ақпарат тараған-ды. Айта кетейік, ертең 1 желтоқсан күні Бауыржан Дәуітбаевты жерлеу рәсімі өтпек. 

Еске салсақ, 26 тамызда болған жарылыс кезінде 35 аула, 12 кәсіпкерлік нысан бүлінген болатын. Маңайдағы қос ауыл эвакуацияланды. Қирандыларды қайта қалыпқа келтіру үшін жергілікті әкімдік 430 млн тг-ден астам қаржы бөлген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары