$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда аса ірі мөлшерде есірткі зат сақтаған қарағандылық бас бостандығынан айырылды

Кейін қалада есірткі мен психотроп заттарды Telegram мессенджері арқылы белгісіз тұлғадан сатып алып, екінші жерге жасырып жүрген.

Атырауда аса ірі мөлшерде есірткі зат сақтаған қарағандылық 10 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атырау облысының полиция департаментіне сенсек, күдікті биылғы қыркүйекте ұсталған.

"Есірткі заттар (есірткі, психотроп зат) сақтаған Қарағанды облысы тумасының заңсыз әрекеті әшкереленді. Күдікті қылмыстық әрекетін іске асыру үшін 2021 жылғы қазанда Атырауға келген. Кейін қалада есірткі мен психотроп заттарды Telegram мессенджері арқылы белгісіз тұлғадан сатып алып, екінші жерге жасырып жүрген. Оның тұрып жатқан жерін тінткенде психотроп заттарды орайтын материалдар, шыны құтылар, электрондық таразы мен түтікшелер табылып, тәркіленді", – деп хабарлады департамент. 

Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігіне сай кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары