$ 481.84  531.33  5.07

Рамазан Стамғазиев сырқаттанып қалған Нұрғали Нүсіпжановтың күйінішін жеткізді

Қазақ өнерінің қара нары, бүкіл өмірін өнерге арнаған ақсақал абызы, күнде 85-ке келіп жатқан жоқ. Алматының мәдениет басқармасы, әкімі қайда қарап отыр.

Халық әртісінің жағдайын білген Стамғазиев оның өзегін өртеген күйінішін көпшілікке желі арқылы жеткізді. Осы ретте Алматының мәдениет басқармасы мен әкіміне шүйліккен.

Фейсбукте жарияланған жазбасына назар аударсақ, Рамазан Стамғазиев өнердегі ағасы «ауырып қалды» дегенді естіп, оған қоңырау шалған. «Шүкір, қазіргі жағдайы жаман емес» – деген өнер иесі Нүсіпжановтың сөзінен 85 жасқа келгенде жоғары мінбедегі ақ жағалылардың көңіл бөлмегеніне қайран қалып отырғанын аңғарғанын айтты.

«Қазақ өнерінің қара нары, бүкіл өмірін өнерге арнаған ақсақал абызы, күнде 85-ке келіп жатқан жоқ. Алматының мәдениет басқармасы, әкімі қайда қарап отыр. Мәдениет министрі, көмекшілері қайда?! Оларға айтатын адам жоқ па?! Ұят болды, айтатын сөзім жоқ. Нұрғали ағамызға Жаратқан ием күш-қуат берсін. Жасай беріңіз, Нұр аға. 90-100-ге келген тойыңызды көруге жазсын!» – деп жазды Стамғазиев.

nege.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары