$ 446.49  475.38  4.79

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазгидромет 2 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ болжанады.

Алматы қаласында кей уақытта тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкент қаласында түнде және таңертең кей уақытта тұман болады

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады.

Түнде Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары