Ақтөбе облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы арнайы бөлімшенің жауынгерлерімен бірлесіп бопсалаумен айналысқан топты ұстады.
Олар қарашаның басында Ақтөбе тұрғынынан ВАЗ-21070 автокөлігін зорлық-зомбылық көрсетіп, иемденген.
Ұсталғандардың төртеуі де деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары.
Күдіктілердің бірі қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
sputnik.kz