$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда 8 жастағы оқушы суға батқан балаларды құтқарды (ВИДЕО)

Судың ағыны қатты болды, уақыт та өте тығыз еді.
Видеодан кадр
Видеодан кадр

Атырауда 8 жастағы оқушы Дінмұхаммед Жаңбырбай суға батып бара жатқан екі баланы құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

3 желтоқсан Жұмыскер көпірі маңында 2008 және 2013 жылы туған екі жасөспірім мұз үстінде ойнап жүргенде кенеттен мұз ойылып, балалар суға түсіп кетеді. Оны байқаған Дінмұхаммед еш ойланбастан балаларды ағынды судан шығарып алған.

«Суға батып бара жатқан балаларды көргенде, бар ойым оларды құтқарып қалу болды. Судың ағыны қатты болды, уақыт та өте тығыз еді. Мұздың ойығына жүгіріп жетіп, балаларды судан шығарып алдым. Оларды құтқару үшін қолымнан келгенді жасадым», - дейді ол.

Оқиға орнына жеткен полицейлер балаларға көмектесіп, ата-аналарына аман-есен тапсырды.

«Баламды ажалдан құтқарған Дінмұхаммедке ержүрек әрекеті үшін алғыс білдіремін. Ол болмағанда бұның соңы қайғылы жағдаймен аяқталушы ме еді?! Осындай батылдығы үшін ол зор құрметке лайық. Ержүрек қасиетке баулап өсірген ата-анасына да үлкен рақмет! Дені сау болып, аман өссін», - дейді 9 жастағы жасөспірімнің анасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары