05.12.2022, 07:00

Қазгидромет бүгінге арналған ауа райы болжамын жариялады

Фото: ашық дереккөз
Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауады.

Қазгидромет синоптиктері 5 желтоқсан, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауады.

Тек оңтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, еліміздің солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстікте жел күшейеді, оңтүстікте көктайғақ болады.

Тегтер: ауа райы