$ 444.14  477.05  4.85

Мбаппеге айыппұл салынды

Мен үшін федерацияға айыппұл салды, сондықтан оны өз қалтамнан төлеймін.

Франция құрамасының форварды Килиан Мбаппеге журналистерге сұхбат бермегені үшін айыппұл салынды.

Франция мен Польша арасындағы матчта үздік ойыншы атанған Килиан Мбаппе кездесуден соң журналистерге сұхбат беруге міндетті болған. Алайда ол бұл талапты екі рет орындамапты. Алғашқыда ауызша ескерту жасалғанымен, екінші мәрте 10 200 еуро айыппұл салынды. 

Мбаппенің өзі мұны былай түсіндіріпті: «Менің шешімім үшін біздің федерация жапа шегуге тиісті емес. БАҚ өкілдеріне ешқандай қарсылығым жоқ, бірақ қазір маған әлем чемпионаты туралы ойлау керек. Басқа шаруаға уақытым мен энергиямды жұмсағым келмейді. Мен үшін федерацияға айыппұл салды, сондықтан оны өз қалтамнан төлеймін».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары