Атырауда 13 жасар қызды зорлауға оқталған ер адам ұсталды. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады. Ер адам Атырау қаласындағы «Авангард» шағын ауданында ұсталған.
«Ер адам «Reno Duster» көлігін заңсыз басқарып кетіп, көпқабатты үйлердің ауласына тоқтаған. Көлік салонында 13 жастағы жасөспірім қызды зорлауға оқталған. Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде күдікті ұсталды», -деп хабарлады.
Қазір 34 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4 бөлігімен, яғни жасөспірімді зорлауға оқталу дерегімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.