Көлікке тәспі іліп қою дұрыс емес. Бұл туралы белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz.
"Түбегейлі дұрыс емес. Егер сол тәспіні алып тартсаңыз онда дұрыс болады. Әйтпесе, құр ілулі тұрғанынан еш пайда жоқ. Керек десеңіз ГАИ қызметкерлері соған айыппұл салу керек шығар. Жолды дұрыс көруге кері әсері етеді ғой.
Одан кейінгі қателік - тәспіден коллекция жинаймыз. Түркістаннан, Меккеден келген, Мединанікі деген сияқты. Кейбір үйлерде әжелердің тозып кеткен тәспісі бар. Неден тозығы жеткен? Тартқаннан. Құрандары ескіріп кеткен. Неліктен? Оқығаннан. Ал, біздікі - сувенир", - деді имам.