$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде газ жарылып, 2 адам ауруханаға түсті

Оқиға орнына жеткен кезде газ қазандығы жарылғаны белгілі болды.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарши ауылында жер үйде газ құрылғысы жарылып, екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнде сағат 2:37-де Шұбарши ауылындағы 8-наурыз көшесінде оқыс оқиға болған.

«Оқиға орнына жеткен кезде газ қазандығы жарылғаны белгілі болды. Бірақ өрт шықпаған. Жылыту қазандығы істен шыққан болуы мүмкін. Содан газ жиналып, әп сәтте жарылып, 84 шаршы метр болатын қабырға мен шатыры құлады. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы қалыпты»,-деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау ескертіледі. Қандай да бір оқыс оқиға болса дереу «101» «112» нөмірлеріне хабар бару керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтөбе #газ