Жаңалықтар 07.12.2022 сағат 14:20

Алматы облысында үй өртеніп, үш адам көз жұмды

Өрт сөндіру кезінде 1960 жылы туған әйелдің, 2018 және 2019 жылы туған ұлдардың мәйіті табылған.
Алматы облысында үй өртеніп, үш адам көз жұмды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылында үй өртеніп, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

"Оқиға 7 желтоқсанға қараған түні сағат 00:16-де болған. 90 шаршы метр алаңдағы жеке тұрғын үй өртенді. Үйдің қабырғалары қамыс, шатыры ағашпен торланған. Баспана 1961 жылы тұрғызылған. Үйді 2021 жылдан бері 8 адамнан тұратын отбасы жалдап тұрған", - делінген хабарламада.

Өрт сөндіру кезінде 1960 жылы туған әйелдің, 2018 және 2019 жылы туған ұлдардың мәйіті табылған.
Сондай-ақ өрттен қаза тапқан балалардың 1999 жылғы анасы, 2022 жылы туған нәресте, 1991, 1958, 2002 және 2004 жылы туған ер адамдар Есік қаласының ауруханасына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар