$ 495.2  522.34  4.94

«Біреуінің басы жарылған»: Депутаттар бюджетті талқылау кезінде төбелесіп қалды (ВИДЕО)

Бюджет келіссөздерінің екінші күні парламенттің жалпы жиналысында шиеленіс туындады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (парламент) депутаттар арасында бюджетті талқылау кезінде төбелес болды, деп хабарлайды Sabah басылымы. 

«​Бюджет келіссөздерінің екінші күні парламенттің жалпы жиналысында шиеленіс туындады. Депутаттар арасындағы пікірталастың арты төбелеске ұласты», - деп жазды басылым. 

Iyi (Жақсы партия) мүшесі Хусейн Орс төбелес кезінде басынан жарақат алып, ауруханаға түсті. 

Отырысқа төрағалық еткен парламент вице-спикері Хайдар Акар осы даудан кейін отырысты 10 минутқа үзуіне тура келген. 

2021 жылы 8 желтоқсанда Түркия парламентінде биліктегі Әділет және даму партиясы (AKP) мен оппозициялық Республикалық халық партиясы (CHP) депутаттары арасында да төбелес болған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары