$ 494.87  520.65  4.91

«АрселорМиттал Теміртау» Қазақстаннан қуылуы мүмкін

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшыларына қатысты қатаң шешімдер қабылдануда.
Коллаж: Ulysmedia.kz
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенат аясында министр жекелеген қызметкерлердің ғана емес, тұтастай алғанда бүкіл компанияның жауапкершілігі туралы мәселе қойылғанын мәлімдеді.

 – Көп ұзамай білетін боласыздар, "АрселорМиттал  Теміртау" компаниясының басшыларына қатысты қатаң шешімдер қабылдануда. Тіпті "АрселорМиттал Теміртау" Қазақстанда жұмыс істей ме, жоқ па деген мәселе көтерілуде, - деп жауап берді Өскенбаев журналистің сұрағына.

Айта кетейік, бүгін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде апат болып, бір адам көз жұмды.

Ал қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин атындағы шахтасында газ жарылуы салдарынан 5 жұмысшы қаза тапты. 

Бұдан бұрын президент Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, төтенше жағдайға шынайы баға беру үшін халықаралық компанияны тарту керегін айтқан. Сондай-ақ, кәсіпорынға кешенді тексеру жүргізіп, еңбек қауіпсіздігі мен барлық экологиялық норма талаптарының  сақталуына мән беруді тапсырды.

Президенттің тапсырмасынан кейін  сенаторлар еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатайтатын заң жобасын әзірледі.

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин құқық қорғау органдары "АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) компаниясының негізгі инвесторы Лакшми Митталды кінәсі анықталған жағдайда жауапкершілікке тартуға құқылы екенін мәлім етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары