09.12.2022, 11:40

Қазақ жекпе-жек шебері тарихта алғаш рет UFC 4 турниріне шықты

Фото: allboxing.ru
Ол аралас жекпе-жектен 16 рет жеңіске жеткен, бірде-бір рет жеңілген емес.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, еш жеңіліп көрмеген Шавкат Рахмонов UFC 4 ойынына қосылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Sports.kz сайтының жазуынша, Ш. Рахмонов 15 қаңтарға қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC Fight Night 217 турнирі аясында келесі жекпе-жегін америкалық спортшы Джефф Нилге қарсы өткізеді.

Рахмонов соңғы рет осы жылдың маусым айында UFC Vegas 57 турнирінде АҚШ өкілі Нил Магниге қарсы октагонға шыққан болатын. Бұл жекпе-жекте Шавкат екінші раундта қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Ол аралас жекпе-жектен 16 рет жеңіске жеткен, бірде-бір рет жеңілген емес.