$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев санкциялардың әсері туралы ойын айтты

Белгілі санкциялық шектеулер ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің экономикасына қысым жасайтынын мойындау қажет.

Қазақстан Президенті ЕАЭО-ға мүше барлық елдің экономикасына қысым жасайтын санкциялық шектеулер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты.

"Белгілі санкциялық шектеулер ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің экономикасына қысым жасайтынын мойындау қажет.

Сондықтан елдеріміздің комиссиялары мен үкіметтері бұл мәселеге ерекше назар аударып, санкциялық шектеулердің әсерін жеңілдету жолдарын ұсынуы керек", - дейді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, 9 желтоқсанда Мемлекет басшысы Бішкекке барған болатын. Қырғызстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатқан "Ала-Арча" резиденциясының конгресс-холлында қарсы алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары