$ 494.87  520.65  4.91

Наполеон, Ленин, Ницше: Әлемге танымал атеистер өлер алдында не айтты?

Ажал алдында үстел мен орындықтардан күнәлары үшін кешірім сұраған.

Бірде ғалымдар Құдайға сенбеген атақты адамдардың өлер алдында не айтқаны туралы зерттеу жүргізген. Bugin.kz порталы қызықты әрі қорқынышты жұмыстың нәтижесі қалай болғанын ұсынады.

ФРИДРИХ НИЦШЕ – философ

Өмірінің соңғы күндерінде есінен адасып кеткен. Ол темір торда үріп өледі.

НАПОЛЕОН – император

Оның емдеуші дәрігері: «Император қайтыс боларда жанында ешкім болмады. Бәрінен бас тартты. Оның өліммен күресі жантүршігерлік болды», - деген екен.

ВОЛЬТЕР – ұлы әзілкеш

Ол ажал алдында өте қорқынышты күй кешеді. Түні бойы кешірім сұраумен болған. Оның медбикесі: «Вольтердің өлімін көрмес үшін Еуропаның бар ақшасын сарп етер едім»,- деген...

МЕРИЛИН МОНРО – танымал актриса

Актрисаның шоуының тұсаукесеріне евангелист Билли Грэйм барған. Ол Құдайдың Рухы оны уағыздауға жібергенін айтқан. Уағызшыны тыңдағаннан кейін ол: «маған Сенің Исаң керек емес!»- деп жауап береді. Бір аптадан кейін Мерелин Монро пәтерінде өлі күйінде табылған.

«Титаник» кемесінің құрылыс инженері

Тілшілер одан ғажайып кемесі қаншалықты қауіпсіз болатынын сұрағанда, «Енді құдай да оны суға батыра алмайды!» - деп, ирониямен жауап берген. «Суға батпайтын» Титаникке не болғаны бүгінде барлығына аян.

ДЭВИД ХЬЮМ – философ

Өлер алдында қайта-қайта «Мен жанып жатырмын!» деп айқайлаған. Оның шарасыздығы тым қорқынышты еді…

ЛЕНИН – орыс революционері

Ол есінен танып қайтыс болған. Ажал алдында үстел мен орындықтардан күнәлары үшін кешірім сұраған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары