Жаңалықтар 10.12.2022 сағат 07:00

Демалыс күндері 30 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады.
Демалыс күндері 30 градусқа дейін аяз болады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Қазгидромет» РМК 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде, орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын мен жел күшейеді. Оңтүстік пен оңтүстік-шығысты тұман басады.

Ауа температурасы түнде батыста 7-20 - 5-15-ке дейін аяз, солтүстік-батыста 18-30 - 12-22-ге дейін аяз, солтүстікте 17-30 - 10-26-ға дейін аяз болады.

Орталықта 20-30 - 18-28-ге дейін, республиканың шығысында 15-35 - 12-25-ке дейін, оңтүстікте 10-30 - 7-20-ға дейін, оңтүстік-шығыста 7-20-ға дейін аяз болады. Республикада түнде негізгі температура - 12-25 градус аяз.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар