Қостанайда әйел адам көпірден секірмек болған деп хабарлады turkystan.kz.
Сағат 14:10 шамасында 102-ге көпірден секірмек ойы болған әйел адам туралы қоңырау түскен. Бұл мәліметті көпірдің маңайынан өтіп бара жатқан көлік жүргізуші хабарлаған.
– Тезірек келіңіздер, мен оны құтқаруға тырысамын, – деген азамат. Оқиға болып жатқан жерге полиция қызметкерлері жедел жеткен. Көлік жүргізушісі секірмек болған әйелді ұстап үлгерген және оны құлатпай бір орында тұрған.
Полиция қызметкерлері тездетіп, секірмек болған әйелді құтқарып, бөлімшеге жеткізген. Қазір полиция қызметкерлері өзінің өмірін қатерге тігіп, әйелді құтқарып қалған көлік жүргізушісін іздеп жатыр.