$ 483.23  534.74  5.12

Желіде халықты малға теңеген әкімнің видеосы тарады (ВИДЕО)

Халық қазір мал боп кетті ғой. Білмейсіңдер ме соны?

Желіде газсыз отырған халықты малға теңеген ауыл әкімінің бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, видеодағы әкім – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Махамбет ауылдық округінің әкімі Бейбіт Аманғалиев. Бейнежазбада тілшілер шенеунікке газсыз отырған халықтың шағымын жеткізген. Алайда бұл сауал әкімге жақпай қалса керек, ол бірден ашуға булықты.

«Олар айта береді. Неге сендер халықты тыңдайсыңдар? Халық қазір мал боп кетті ғой. Білмейсіңдер ме соны? Мынау жұмыс істеп жатқан бізді тыңдамайсыңдар ма?», – дейді ол.

Видео халықтың ашуын туғызып жатыр. Оның отставкасын талап етумен қатар, жазалануы керек деп те жазып жатқандар бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары