Астана қаласында жылу желісі жарылып, 1 тұрғын үй кешені жылусыз қалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Жөндеу жұмыстары барысында жылу желісінің диаметрі 133 мм болатын бөлігі зақымдалды. Оқиға орнында «Астана-Телотранзит» АҚ-ның жедел бригадасы жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты Мәңгілік ел даңғылындағы 1 тұрғын үй кешені жылудан ажыратылды», - деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметінен.