$ 494.87  520.65  4.91

Нұрсұлтан Назарбаев шөбере сүйді

Көпшілік бұл шөбере Алтайдың баласы деп болжам жасаған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев немерелі болды. Ұлттық Олимпиада Комитетінің Президентін танымал спортшылар құттықтап жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Құлыбаевтың шаңырағындағы сүйінші жаңалықты дзюдошы Әбиба Әбужақынова өзінің Instagram-дағы парақшасында жеткізді. Әлем чемпионатының қола жүлдегері Тимур Асқарұлын немересімен құттықтап, кішкентайға бауы берік болсын айтқан.

"Құрметті Тимур Асқарұлы, немереңіздің бауы берік, денсаулығы мықты болсын! Біз сияқты мықты спортшы болсын", - деді Әбиба Әбужақынова.

Динара Нұрсұлтанқызы мен Тимур Құлыбаев бір ұл екі қыз тәрбиелеп өсірген. Желі қолданушылары бұл немере Құлыбаевтың тұңғышы Алтайдың баласы деп болжам жасаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары