12.12.2022, 14:20

Оралда автокөлік қағып кеткен әйел оқиға орнында көз жұмды

1985 жылғы жүргізуші Ford Focus авокөлігімен белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 56 жастағы әйелді қағып кеткен.

Орал қаласында автокөлік қағып кеткен әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін таңмен шамамен сағат 07.50-де Деркөл кентіне барар жолда Белая казарма аялдамасы тұсында болды.

1985 жылғы жүргізуші Ford Focus авокөлігімен белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 56 жастағы әйелді қағып кеткен. Әйел алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.

Оқиғаны БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі растап, ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын жеткізді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 08.17-де шақырылды. Бірақ әйел қайтыс болып кеткен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орадда тәртіп сақшылары асылып қалған ер адамды құтқарғанын жазған болатынбыз.

Тегтер: жол апаты Орал