12.12.2022, 17:40

Астанада былтыр ғана пайдалануға берілген кешеннің тұрғындары жылусыз отыр

Кешеден бері бізде жылу жоқ. Балаларымыз, кішкентай немерелеріміз бар, шетімізден ауырып жатырмыз. Бізді қашанғы қинамақ?

Елордадағы "Boston Comfort House" тұрғын үй кешені тұрғындары жылу мен газдың жоқтығына шағымданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тұрғындардың сөзінше, құрылыс компаниясы оларды алдаған, ал жергілікті әкімдік олардың мәселесіне құлақ асқысы жоқ.

“Кешеден бері бізде жылу жоқ. Балаларымыз, кішкентай немерелеріміз бар, шетімізден ауырып жатырмыз. Бізді қашанғы қинамақ? Бұларға сенуден қалдық”, – дейді тұрғындардың бірі.

Айта кетейік, "Boston Comfort House" тұрғын үй кешенін салушы – Boston Construction компаниясы.

Еске салсақ, бұдан бұрын астаналықтар "Мадрид" тұрғын үй кешенінің тұрғындары шағымданып, жылу желісін тартпай тұрып үйді пайдалануға берген G-Park құрылыс компаниясын жауапкершілікке тартуға шақырған.

Тегтер: жылу газ Астана