$ 494.87  520.65  4.91

Синоптиктер ауа райы қандай болатынын хабарлады

Батыс, солтүстік, шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – жел күшейеді, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – тұман.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазгидромет 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің басым бөлігі антициклон ықпалында болады, жауын-шашын болмайды.

Тек республиканың солтүстігі мен шығысында қар жауады. Батыс, солтүстік, шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – жел күшейеді, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған бұрқасын болады. Жел екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тұман түседі. Облыстың солтүстігінде шығыстан жел соғады, таулы аймақтарда 15-20 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының орталығында – шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - 18 м/с.
Ірі қалалардағы ауа райы

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 8-10 аяз.

Алматыда көшпелі бұлт шығады. Жел жылдамдығы - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 1-3 аяз.

Шымкентте жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9 аяз, күндіз 1-3 жылы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы