13.12.2022, 16:40

Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегі үшін АҚШ-қа аттанды

Рахмоновтың қарсыласы жартылай орта салмақтағы рейтингте жетінші орында тұрған Джефф Нил болмақ.

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (16-0) келесі жекпе-жегіне АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы қазақстандық боксшы Instagram-парақшасында жазды.

Оның ең беделді промоушендегі бесінші жекпе-жегі 14 қаңтарда Лас-Вегаста UFC Fight Night 217 турнирі аясында өтеді. Рахмоновтың қарсыласы жартылай орта салмақтағы рейтингте жетінші орында тұрған Джефф Нил болмақ.

Рахмонов UFC-дегі төрт жекпе-жегінде де жеңіске жетті.