$ 494.87  520.65  4.91

Ризықты қалай арттыруға болады?

Сол сияқты басқарма адамдар туған-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болса, ризық-несібесі артатынын айтады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің желідегі парақшасында ризықты қалай арттыруға болады деген сауалға жауап берді.

1) Тақуалық әрі Алладан шынайы қорқу - ризықты арттыру жолы дейді діни басқарма өкілдері. "Ал кім Алладан қорықса, оған қиындықтан шығар жол жасайды. Әрі Алла оған ойламаған жерден ризық береді", - деп түсіндірген олар.

2) Сол сияқты басқарма адамдар туған-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болса, ризық-несібесі артатынын айтады. Онда: "Әнас ибн Мәліктен жеткен риуаятта ол Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай деп айтқанын естідім дейді: "Кімде-кім ризық-несібесінің молаюын әрі өмірі ұзақ болуын қаласа, туыстарымен қарым-қатынасын үзбесін", - деп жазылған.

3) Ризықты арттырудың тағы бір жолы - "Истиғфарды" көп айту. "Раббыларыңнан кешірім сұраңдар, расында ол аса кешірімшіл. Сонда Алла сендерге жаңбырды нөсерлете жібереді, һәм сендерді мал-мүлікпен және балалармен қолдайды да, сендер үшін жер бетінде бақтар жасайды әрі сендер үшін өзендер жасайды" делінген хабарламада.

4) Cонымен бірге діни басқарма дұғаны көп жасауға кеңес береді. Ол үшін: "Я, Раббым! Мені халалға қанағат етіп, харамдардан сақтанатын ете гөр және ұлылығыңмен Сенен басқаға мұқтаж болудан сақтай гөр", - деп айту қажет екен. 

nur.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары