$ 481.84  531.33  5.07

Смайылов «сенімсіз» министрлерге: Қазірден орынды босата берсеңіздер болады

Премьер-министр ретінде мен Президент жүктеген тапсырмалардың орындалып, нәтижелі шешілуі үшін бәрін жасаймын.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Премьер-министр Әлихан Смайылов өз мүмкіндіктеріне сенбейтін министрлерге орнын босатып беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Премьер-министр өз сөзінде Мемлекет басшысы Үкімет осы құраммен Жаңа жылға кіре ала ма деген сұраққа нақты жауап күтетінін айтқанын еске салды.

"Премьер-министр ретінде мен Президент жүктеген тапсырмалардың орындалып, нәтижелі шешілуі үшін бәрін жасаймын. Әр қазақстандық жұмыстың нәтижесін сезінуі үшін мұндағы үкіметтің әр мүшесі тиімді жұмыс істейді деп күтіледі. Қойылатын талаптар өте жоғары. Өз қабілеттеріне сенімді емес және шешім қабылдай алмайтындар қазірден орынды босата берсеңіздер болады. Біз халықты қолдайтын, батыл шешім қабылдап, оның жауапкершілігін көтере алатындармен ғана жұмысты жалғастырамыз", - деді Смайылов үкімет отырысында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары