$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысында әскери қызметші көшеде адамдарды ұрып, бөтеннің үйіне басып кірген

Шабуылдан кейінгі кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында әскери киімдегі белгісіз ер адам тұрғындардың үйіне кіріп, соққыға жыққан, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Басылым мәліметінше, оқиға 12 желтоқсанында болған. Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөліміне әскери киімдегі белгісіз ер адамның Құлан ауылындағы бірнеше үйге кіріп, тұрғындарға дене жарақатын келтіргені туралы хабарлама түскен.

Шабуылдан кейінгі кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті. Видеода ер адам әскери қызметшіні бетін төмен қаратып ұстап тұрғаны көрінеді. Кейінірек видеода сол көзінің асты көгерген әйел көрінеді. Кадр сыртындағы дауыс ол зардап шегуші екенін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары