$ 483.23  534.74  5.12

Зейнетақы жинағының 50 пайызын жеке компанияларға аудару мүмкіндігі жасалады

Еліміздің әр адамы жеке компанияны таңдау кезінде олардың нарықтағы жұмысын, инвестициялық мүмкіндігін білуі керек.
Фото: Turar Kazangapov
Фото: Turar Kazangapov

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнетақы жинағының 50 пайызын жеке компаниялардың басқаруына беру арқылы табыс алуға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, 12 желтоқсанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының 50 пайызына дейін жеке басқаруға беру үшін БЖЗҚ салымшыларының құқықтары кеңейтілетінін айтты.

«Соған сәйкес қазір жұмыс тобы бұл бағыттағы мәселелерді пысықтап жатыр. Әр азамат БЖЗҚ-дағы жинағының 50 пайызын өзі таңдаған жеке компанияға басқаруға бере алады. Яғни, салымшы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалған 50 пайызын қалдырады. Осы орайда оны қазіргідей Ұлттық банк басқарады. Сонымен қатар, жеке компанияның басқаруына берілетін 50 пайызына қатысты айтатын болсақ, ол компанияның қанша табыс беретіні жөніндегі өлшемді Ұлттық банк белгілейді. Атап айтқанда, әр жеке компания өз қалауы бойынша табыс белгілемейді. Еліміздің әр адамы жеке компанияны таңдау кезінде олардың нарықтағы жұмысын, инвестициялық мүмкіндігін білуі керек», - деді Т. Дүйсенова Парламент Мәжілісіндегі брифингіде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары