14.12.2022, 16:20

TikTok-та терроризмді насихаттаған астаналық 7 жылға сотталды

Фото: ©AP/Anjum NAVEED
Сотталушы TikTok-та "қарулы жиһад" идеологиясын тарататын діни сипаттағы видео жариялаған.

Астанада TikTok әлеуметтік желісінде терроризмді насихаттағаны үшін ер адам жеті жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Астана қаласы "Байқоңыр" ауданының №2 сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

"6 желтоқсанда Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2соты ҚК-тің 256-бабының 2-бөлігінде (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін И. есімді азаматқа сотқа қатысты айыптау үкімін шығарды және жеті жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы TikTok-та "қарулы жиһад" идеологиясын тарататын діни сипаттағы видео жариялаған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.