14.12.2022, 23:30

30 градус аяз: Елдің бірнеше өңірінде жол жабылды

Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК
Автобустар мен дизель отынымен жүретін жеңіл көліктердің қозғалысы шектелді.

Қазақстанның бірнеше өңірінде жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай облысындаауа температурасының 30 градусқа дейін төмендеуіне байланысты жолдар жабылды.

Атап айтқанда, «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 587-733 шақырымы (Павлодар облысының шекарасы мен Семей қаласының аралығы), «Семей-РФ шекарасы» тасжолының 3-113 шақырымы, «Семей-Қайнар» тасжолының 8-266 шақырымы, «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырымы (Герасимовка ауылы мен Семей аралығы) жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен дизельді жеңіл көліктері үшін жабылды.

Шығыс Қазақстандааталған көлік түрлеріне «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 15-102,105-123 шақырымдарында жүруге тыйым салынған.

Павлодар облысында «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 427-587 шақырымында автобустар мен дизель отынымен жүретін жеңіл көліктердің қозғалысы шектелді.

Бұл - Кенжекөл кенті мен Абай облысының шекарасындағы жол.

Тегтер: аяз ескерту жол