15.12.2022, 09:40

Франция – Марокко матчынан кейін жанкүйерлер қақтығысында 14 жасар жасөспірім көз жұмды

Фото: REUTERS / Eric Gaillard
Алған жарақаттары салдарынан жасөспірім ауруханада қайтыс болды.

Франция – Марокко матчынан кейін Монпелье қаласында франциялықтар мен этникалық марокколықтар арасында қақтығыстар болды деп хабарлады ҚазАқпарат.

Мәлімет бойынша, Францияның аталған қаласында қақтығыс салдарынан 14 жастағы жасөспірім көз жұмды.

Франция құрамасының жанкүйерлері отырған автокөлікке белгісіз адамдар келіп, терезеден шығып тұрған ұлттық құрама жалауын жұла бастаған. Жүргізуші орнынан кілт қозғалып, 14 жастағы ұл баланы қағып кеткен. Алған жарақаттары салдарынан жасөспірім ауруханада қайтыс болды.

Мұның алдында жаппай қақтығыс салдарынан жарақат алғандар бар екендігі хабарланған болатын.