$ 481.84  531.33  5.07

Араб шейхы қаттама пісіретін әжені Дубайға арнайы шақыртты (ВИДЕО)

Ол жол бойында қаттама пісіріп сатады екен.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қырғызстанның Шу облысына қарасты Кемин ауданында тұратын 63 жастағы Ира Шотқараева күтпеген жерден барша қырғыз халқына танымал болды. Жол бойында қаттама пісіріп сататын әжейді араб шейхтары аттай қалап, Абу-Дабиге шақыртқан, деп хабарлайды nur.kz. 

Қаттама пісіріп, араб шейхтарын таң қалдырған әжей туралы ақпаратты қырғыз блогері Әділет Ногойбоев мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Ира әжейдің шағын отбасылық бизнесі бар. Ол жол бойында қаттама пісіріп сатады екен. Сондай күндердің бірінде Ыстықкөлге бет алған 25 араб туристі қаттаманың дәмін татып, оларға аталған тағам қатты ұнап қалған. Өз елдеріне оралған соң араб шейхтарының бірі қаттаманы қатты аңсап, қырғыз әжейді өз еліне шақыртады.

Ондағы мақсаты - қаттаманың пісірілу әдісін өзіндегі асүй қызметкерлеріне үйрету болған. Қазіргі таңда Ира әжей қызы мен күйеубаласын ертіп, Абу-Дабиде жүр. Ол араб шейхының үй қызметкерлеріне қаттаманың пісірілу жолдарын үйреткен.

Сондай-ақ, шейх алыстан келген қонақты бесжұлдызды қонақүйге орналастырып, қаланың көрікті жерлерін аралатып, қомақты сыйақы да берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары