Қызылордада антикордың жалған қызметкері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп 1988 жылы туған Ж. есімді тұрғынды ұстады.
Ол өзін «антикордың Қызылорда облысы бойынша өзіндік қауіпсіздік қызметкері» ретінде таныстырған.
Сөйтіп «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа кіргізіп берем» деген уәдемен қала тұрғынын алдады және оның сеніміне кірді.
Одан 500 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражат алған.
Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтар өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде көрсете отырып, қылмыстық-жазаланатын іс-әрекеттер жасайтын жалғасып жатқан жағдайларға назар аударады.
Осыған ұқсас фактілер бойынша ақпарат болған жағдайда мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 1424, +7-778-788-39-30.