$ 494.87  520.65  4.91

Каспий теңізінің жағалауындағы 3 гектарда қамыс өрті әлі бықсып жатыр

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, теңіз жағалауындағы қамыс өртін сөндіру жұмыстары тоқтатылған жоқ.

Каспий теңізінің жағалауындағы 1,5 мың гектарда қамыс жанып кеткен. Қазір 3 гектарда қамыс өрті әлі бықсып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, теңіз жағалауындағы қамыс өртін сөндіру жұмыстары тоқтатылған жоқ.

«Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 7 күннен бері Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртін жою жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бірақ, биіктігі 2-2,5 метр қамыс өрт сөндіру қиындық тудырып тұр. Өйткені, қамыс өрті батпақты жерде тұтанған. Сол себептен, өрт сөндіру техникалары өрт ошақтарына жете алмайды. Бұл өрт сөндірушілерді өрт ошағына жаяу барып, сапалақпен сөндіруіне мәжбүр етті. Қамыс өртіне күн сайын мониторинг жүргізіліп отыр», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның ғарыштан түсірген суреттеріне қарағанда, Каспий теңізінің жағалауындағы қамыстың жанып кеткен аумағы 1,5 мыңнан астам гектарды құраған.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері биылғы 9-15 желтоқсан аралығында 40 гектардан астам аумаққа жайылған қамыс өртін сөндірген.

Қазір қамыс өрті шамамен 3 гектар аумақта бықсып жатқаны анықталған.

Теңіз жағалауындағы қамыс өртін сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 16 қызметкер мен 1 техника, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 12 қызметкер мен 3 техника тартылған.

Қамыс өртінен елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Каспий жағалауындағы табиғи резерватта қамыс жанып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #Каспий