Танымал экстрасенс Қажетта Ахметжанова қоян жылына болжам жасады. Оның айтуынша, 2023 жылы 100 жылда бір рет қана болатын аспан қақпалары ашылып, періштелер жерге түседі екен, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы көріпкел өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Қажетта Ахметжанова қоян жылы еліміз үшін өнімді болатынын айтады. Сондай-ақ ол сырттан болатын арандатуларға мән бермеуге шақырды.
"Қоян жылы көптеген есіктер ашылады және жаңа мүмкіндіктер беріледі. Өйткені 100 жылда бір рет қана болатын аспан қақпалары ашылып, аспаннан періштелер көп түседі. Қоян жылы өнімді болады. Ең бастысы — сыртқы арандатуларға жауап бермеуге және барыншы сабырлы болуға тырысу керек. Маңызды шешімдерді тек тыныштықта қабылдаған жөн, әйтпесе оның салдары жағымсыз болады", — деді Қажетта Ахметжанова.
Келер жылға болжам жасаған балгердің жазбасына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр. Бірі оған имандай сенсе, енді бірі "бәрі бір Алланың қолында" деп сенімсіздік танытқан.