$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе маңында жол апатына ұшыраған 8 баланың жағдайы белгілі болды

Жағдайы ауыр балалар бірден жансақтау бөліміне жатқызылды.

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасына түскен төрт оқушының жағдайы ауыр, төртеуінің жағдайы орташа ауыр. Оларға ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе-Шұбарқұдық тасжолында болған жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен балалар Ана мен бала орталығына сағат 12:00-ден бастап жеткізілді. Ал оқиға сағат 9:25-те болған. 
«Төрт баланың жағдайы ауыр, төртеуінің жағдайы орташа ауыр. Жағдайы ауыр балалар бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Оларды травматолог, хирург, нейрохирург, бет-жақ хирургі, реаниматологтер қарап шықты. Сонымен бірге хирургия, травматология, нейрохирургия бөлімінің меңгерушілері шұғыл жұмысқа шақырылды. Қазіргі кезде нақты диагноз қою үшін жіті тексеріліп жатыр. Екі балаға диагностикалық лапароскопия жасалды. Бас-ми жарақатын алған екі баланың басына ота жасалды. Бірнеше сүйегі сынған бір балаға да көмек көрсетілді. Өзге балалардың жағдайы тұрақты ауыр. Балалардың ата-аналарымен сөйлесіп, оларға бар жағдай түсіндірілді. Балаларға жасалып жатқан ем-дом туралы айтылды»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.
Айта кетейік, қазіргі кезде жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары