$ 489.06  536.21  5.05

Алматыда полицей мен фельдшер жанып жатқан үйден әйелді құтқарып қалды

Оқиға орнына 6 минутта жеткен өрт сөндірушілер, үйдің шатыры мен төбе жабындысының жанып жатқанын анықтады.

Алматыда полицей мен фельдшер жанып жатқан үйден әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 18 желтоқсан күні таңғы сағат 10:24 кезінде «101» пультіне Медеу ауданы, Ахмедсафин көшесінде орналасқан № 8-үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті.

«Оқиға орнына 6 минутта жеткен өрт сөндірушілер, үйдің шатыры мен төбе жабындысының жанып жатқанын анықтады. Жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт 23 минут ішінде оқшауланып, 11:15-те толығымен жойылды. Өртпен күрес мамандары көрші тұрғын үйді өрттен қорғап қалды. Өртті жоюға ТЖД құрамынан - 30 қызметкер, 6 бірлік техника және қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды»,- хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Ведомство мәліметінше, «Буран-240» экипажының патрульдік полиция полкінің аға инспекторы Бағдат Бақытжанұлы Әшеков пен ЖМК № 10 станциясының фельдшері Тахир Руземов өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін, өз өмірі мен денсаулығын қатерге тігіп, жанып жатқан үйден аяғының жарақатына байланысты (отадан кейінгі жағдайы) үй-жайдан өз бетінше шыға алмай отырған 31 жастағы әйелді құтқарды.
Құтқару барысында, полиция аға лейтенанты Бағдат Ашеков жарақаттанды. Дәрігерлер тексеріп, медициналық көмек көрсеткеннен кейін ол қызметіне қайта оралды.

«Патрульдік полиция полкінің аға инспекторы аға лейтенант Бағдат Бақытжанұлы Ашеков пен № 10 ЖМКҚ фельдшері Тахир Руземов Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен марапаттауға ұсынылатын болады», - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары