$ 481.84  531.33  5.07

Жамбыл облысында бір үйдің үш адамы өлі күйде табылды

Бүгінде оқыс оқиға мен адамдардың өліміне қатысты себептер анықталып жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

19 желтоқсан күні Жамбыл облысындағы жеке үйлердің бірінде бір отбасының үш мүшесінің өлі денесі табылды. Олар газдан уланып қалуы мүмкін, деп хабарлайды ТЖМ ресми сайты.

Ведомствоның мәліметінше, Жамбыл облысындағы Қонаев ауылынан 40 км қашықтықтағы жеке тұрғын үйде, бір отбасының газдан уланған 1965, 1969 және 2008 жылғы мүшелерінің денесі табылды.

ТЖМ таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы жағдайдың орын алуына құрғақ отынды жағу барысында пешті дұрыс пайдаланбау себеп болуы мүмкін. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамның 2 адамы мен 1 бірлік техникасы шыққан.

Бүгінде оқыс оқиға мен адамдардың өліміне қатысты себептер анықталып жатыр. ТЖМ, сондай-ақ, Қазақстанда жалы соңғы екі күн ішінде улы газбен уланған 14 адамның ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары