19.12.2022, 20:30

Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

Фото: tengrinews.kz
Мемлекеттік сапар аясында бірқатар екіжақты шарт пен келісімге қол қойылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізіп, екіжақты іс-әрекеттің өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-транзиттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды.

Сондай-ақ, олар өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырады. Мемлекеттік сапар аясында бірқатар екіжақты шарт пен келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр.