20.12.2022, 17:20

Ақтөбеде қорап ішінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады.

Ақтөбеде қорап ішінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды polisia.kz телеграм каналы.

19 желтоқсан күні сағат 22:05-те полицияға Ғ. Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың денесі табылғаны туралы хабарланған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады.

ҚР ҚК-нің 100-бабы «Ананың жаңа туған баланы өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Анасының жеке басы әзірге анықталмады.