$ 442.05  474.14  4.74

Ақтөбедегі алтын кен орнында жұмысшы көз жұмды

Энергетик шахтаның желдеткеші маңында отырып, кабельді монтаждау жұмысын атқарған.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы алтын өндіретін кен орнында жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға жайлы Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Искарин хабарлады. Оның айтуынша, оқиға «АltynEx Company» компаниясында болған.

«Қайғылы жағдай бүгін болды. Мұғалжар ауданында орналасқан алтын кен орнындағы шахтада 48 жастағы энергетик көз жұмды. Қазір мән-жай анықталып жатыр. Энергетик шахтаның желдеткеші маңында отырып, кабельді монтаждау жұмысын атқарған. Ал жүк көлігінің жүргізушісі оны көрмей қалған»,- деді Талғат Искарин.

Тергеу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары