20.12.2022, 22:30

Ақтөбеде сәбиін тастап кеткен әйел табылды

фото: sputnik.kz
Көпқабатты үйдің жанынан қағаз қораптан баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.

Ақтөбеде сәбиін тастап кеткен әйел табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, 19 желтоқсанда сағат 22.05-те полицияға Ғ. Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қораптан баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.

«Жедел –іздестіру іс –шаралары барысында 29 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында оның екі кәмелетке толмаған баласы бар екені анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Ақтөбе облысы ПД ЖСКБ басшысы Ерболат Сарқұлов.