$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында кәсіпкер бүтіндей бір көшені сатып алып, қоршап тастаған

Жергілікті тұрғындар күн сайын өмірін қатерге тігуге мәжбүр.
Фото: almaty.tv
Фото: almaty.tv

Алматы облысы Абай ауылындағы 20-дан аса отбасы шағымын айтып берді. Олар қалаға шығатын жалғыз көшені жеке кәсіпкер сатып алып, жауып тастаған. Бұл туралы Almaty.tv арнасының сюжетінде айтылды.

Жер иесі учаскені жауып тастағандықтан, жергілікті тұрғындар күн сайын өмірін қатерге тігуге мәжбүр. Жартас шетінде орналасқан жол - үйге апаратын жалғыз жол. Одан кейін өзенге түсетін тік құз.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, төтенше жағдайда көмек көрсететін ешкім жоқ. Дәрігерді үйге шақыра алмаймыз немесе өз бетімізше ешқайда бара алмаймыз, дейді олар.

Тұрғындар биік қоршауды алып тастауды өтініп, жергілікті әкім мен үй иесінің өзіне бірнеше рет жүгінгенімен, нәтиже болмағаны белгілі болды. Бірақ бастапқыда бұл учаске заңсыз алынған, дейді заңгерлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы