Алматы облысының таулы аймағында Hyundai Santamo мен Mitsubishi Galant көліктері соқтығысып, төрт адам қаза тапты. Екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға орнынан түсірілген видео kris__p__almaty Instagram-парақшасында пайда болды.
20 желтоқсанда Кеген ауданында Hyundai Santamo және Mitsubishi Galant көліктерінің соқтығысты.
Hyundai Santamo көлігін 44 жастағы ер адам басқарып, Кеген-Көкпек-Түп жолының 60 шақырымында рөльді басқара алмай, Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысқан.