$ 494.87  520.65  4.91

Екібастұздағы апатқа қатысы бар адамдардың есімдері нақтыланып жатыр

Павлодар облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары қылмыстық іс қозғады және тергеу жүргізіп жатыр.
Фото: АО «Павлодарэнерго»
Фото: АО «Павлодарэнерго»

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Екібастұздағы апатты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты.

«Павлодар облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары қылмыстық іс қозғады және тергеу жүргізіп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, оның ішінде оқиғаға қатысы бар адамдарды нақты анықтауға бағытталған шаралар бар», - деді Ж. Өмірәлиев Мәжіліс кулуарында.

Спикердің айтуынша, тиісті техникалық ақаулар болған. Бас прокуратура техникалық қорытынды алуы қажет.

«Сондықтан біз сараптаманың қорытындысын күтеміз. Бұл іс бойынша міндетті түрде хабардар боласыздар», - дейді Бас прокурор орынбасары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары