$ 489.06  536.21  5.05

Қарағандыда бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама тарады

Сағат 11.00-ден бастап Қарағанды қалалық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне қаладағы бір қатар мектептерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарламалар түсе бастаған.

Қарағанды қалалық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне қаладағы бірқатар мектепте жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарламалар түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті мәлімдегендей, 22 желтоқсан күні сағат 11.00-ден бастап Қарағанды қалалық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне қаладағы бір қатар мектептерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарламалар түсе бастаған.

«Жарылғыш зат туралы хабарламалар мектептердің электрондық поштасына түскен. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жедел кезекшісімен мектептерге барлық жедел қызметтер жұмылдырылды. Ол жерлерді тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ», - делінген облыстық ПД хабарлаамсында.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен хабарламаны жіберген адамды анықтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

«Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (бүгінгі күні – 14,5 млн теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген», - деп ескертеді полиция өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары